RU

Қол астындағы жүзден аса қызметкерден пара алды деген күдікпен ҚТЖ бөлімшесінің басшысы ұсталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазақстан Темір Жолы" компаниясының Павлодардағы филиал басшысы қарамағындағылардан сыйақы алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, басшының орынбасарымен бірлесе отырып, 4 жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен ақшалай сыйақы алып келгені анықталған.

Бұл ақпаратты өңірдің экономикалық тергеу департаменті растап отыр.

Одан бөлек, басшылықтың қызметкерлерін жұмыстан шығарамын деп қорқытқан көрінеді.

Осылайша, ол ақша бергендерді "өз қамқорлығына" алыпты.

"Оның 4 жыл бойы орынбасарымен бірге 100-ден аса қызметкерінен ақшалай сыйақы алып келгені анықталды. Сыйақының көлемі 8 бен 10 мың теңгенің аралығында. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы Максим Зенгер.

Департамент тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуден бас тартты.

Ө. Қуанар

Еске сала кетсек, ақпан айының соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте қанша шенеуніктің отставкаға кетіп, тағы нешеуінің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны айтылған еді.

Олардың барлығы қол астындағылардың жемқорлығы үшін жазаланған.

Сонымен қатар осы брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке қатысты тергеу басталғаны хабарланды. Ол да пара алды деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901660-qol-astyndagy-zuzden-asa-qyzmetkerden-para-aldy-degen-kudikpen-qtz-bolimsesinin-bassysy-ustaldy/