Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

105-і Алматыдан: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

coronavirus2020.kz елімізде өткен тәулікте қанша адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын жария етті.

Ресми дереккөздің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамнан коронавирус анықталған.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 68

Алматы қаласы - 105

Шымкент қаласы - 12

Ақмола облысы - 69

Ақтөбе облысы - 12

Алматы облысы - 51

Атырау облысы - 35

Шығыс Қазақстан облысы - 49

Жамбыл облысы - 9

Батыс Қазақстан облысы - 64

Қарағанды облысы - 46

Қостанай облысы - 61

Қызылорда облысы - 14

Маңғыстау облысы - 12

Павлодар облысы - 79

Солтүстік Қазақстан облысы - 25

Түркістан облысы - 6

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 214 806-ге жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен 1 наурыздан бастап карантин шектеулері жеңілдегенін жазған едік.

Қаулыға сәйкес, діни нысандар, кітапхана, мұражайлар, медициналық орталықтар, косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, үйірмелер, фитнес залдары, бассейндер, жаттығу залдары, қоғамдық моншалар, сауналар санитариялық талаптарды сақтай отырып, адам санын асырмаған жағдайда жұмыс істей алады.

Сауда, ойын-сауық, сауықтыру орталықтары, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, түрлі базарлар да санитариялық талаптарды орындаған жағдайда жұмысын тоқтатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901672-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel