Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"340 миллион теңге": Қапшағайдағы түбектің бір бөлігі сатылымға шығарылды (фото)

Опубликовано:

Түбек
Фото: krisha.kz

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы түбектің бес гектары сатылымға қойылды. Ол 340 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Түбектің бір бөлігін сату туралы хабарландыру Krisha.kz тегін хабарландырулар порталында пайда болды.

Түбек
Фото: krisha.kz

Сатушы жазғандай, жер учаскесі сатып алынған, оның мемлекеттік актісі және барлық қажетті құжаттары бар. Учаскені коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген.

Түбек
Фото: krisha.kz

"Жер учаскесі - жағажай демалысына арналған база ретінде одан әрі дамытуға болатын жеке түбек. Ыңғайлы жерде орналасқан", - делінген хабарландыруда.

Түбек
Фото: krisha.kz

Еске салсақ, бұған дейін президент шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырған еді.

Мемлекет басшысы сөзінше, президент әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек.

"Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет", - деген президент бірқатар маңызды шешімдер қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Мәселен бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрылып, 25 наурызда жұмысқа кірісуі керек. Комиссия жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыруы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901691-340-million-tenge-qapsagaidagy-tubektin-bir-boligi-satylymga-sygaryldy-foto/

pixel