Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік журналист өзіне полицейлер шабуыл жасағанын мәлімдеді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

"Астана" телеарнасының Шымкенттегі меншікті тілшісі автобөлшектер қоймасында ірі өрт болған күні, оқиға орнында репортаж жасағанын, сол уақытта өзіне тәртіп сақшыларының шабуыл жасап, ұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы "Әділ сөз" қорының ресми сайтында хабарланды. Айыптауларға полиция департаменті жауап берді.

Қор мәліметінше, 2 наурызда "Астана" телеарнасының Шымкенттегі меншікті тілшісі Бахрамбек Талибжанов өрт шыққан автобөлшектер қоймасына жұмыс бабымен барған. Алайда тәртіп сақшылары оған репортаж жасауға тыйым салған.

"Әділ сөздің" хабарлауынша, үш полицей Бахрамбек Тәлібжановтың қолын бұрап, біреуі бетінен, кейін бүйрек тұсынан соққы жасаған.

Осы уақытта Бахрамбектің әріптесі 31-арна тілшісі Бахром Әбдуллаев жүгіріп келген. Ол болып жатқан жайтты телефонға түсіре бастаған.

Тәртіп сақшылары БАҚ өкілдерін полиция бөліміне жеткізген.

"Астана" арнасының тілшісі болған оқиғаға байланысты арыз жазған.

Sputnik Қазақстан агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, аталмыш факті бойынша Шымкент полиция департаментінде қызметтік тексеріс басталған.

"2021 жылдың 2 наурызында Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Е. Жұмаханбетов республикалық арналардың тілшілерімен кездесті. Болған жағдай талқыланды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметтік тексеріс аяқталғанға дейін сабыр сақтауға шақырған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы қайғылы жағдайдың алдын алған еді. Ол жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901703-symkenttik-zurnalist-ozin-policeiler-soqqyga-zyqqanyn-malimdedi/

pixel