Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 адам қаза болды: Қостанай облысында болған жол апатына қатысты деректер жарияланды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/qostanay_news

2 наурызда екі көлік соқтығысып, салдарынан ішіндегі адамдардың бәрі қайтыс болған еді. Қостанай облысы полиция департаменті жантүршігерлік жол апатына қатысты деректермен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2021 жылдың 2 наурызында жедел жәрдем қызметкері Әулиекөл ауданы полиция бөліміне Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында екі көліктің қатысуымен жол апаты орын алғаны туралы хабар берген.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, Lexus маркалы көлікті басқарған Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны алдындағы көлікті басып озбақ болып, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткен.

Осы кезде Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. Көлікті Нұр-Сұлтан қаласының 63 жастағы тұрғыны басқарған.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Lexus көлігінде отырған 3 адам, Pajero көлігіндегі 4 адам адам қаза тапты.

Жол талғамайтын көліктердің бірі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға, екіншісі Қостанайға бара жатқаны белгілі.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, екі көліктің Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Лаврентьевка ауылдарының ортасында соқтығысқанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, Қарағандыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты Сортировкаға барар жолда болған. Жол-көлік оқиғасына №118 жолаушылар автобусы ұшыраған. Қоғамдық көлік салонында 45 адам отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901777-7-adam-qaza-boldy-qostanai-oblysynda-bolgan-zol-apatyna-qatysty-derekter-zariyalandy/

pixel