RU

Қосымшаны бұзбақ болған: Ashyq құрастырушылары мәлімдеме жасады

Код
Көрнекі сурет: cinnecta.com

ОКҚ өткен онлайн-брифингте адамдарды түске бөлетін Ashyq қосымшасын құрастырушылар қазақстандықтардың қосымшаны бұзбақ болғаны және теріс пікірлер туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құрастырушылардан Ashyq қосымшасының рейтингі неге төмен және не себепті теріс пікірлер көп екенін түсіндіріп беруін сұрады.

"Жағымсыз пікірлер ағынында тапсырыс беру сипаты болғанын көрдік. Қосымша жарияланып, адамдар дұрыс түсінбей, чиптер мен түстерге бөлу туралы мәселе көтерілді. Содан кейін вакцинацияға қарсы бірқатар топ қосымшаны бұғаттау үшін "бірді" басуға (қосымшаны бағалаудың ең төменгі көрсеткіші - ред.) шақырды", - дейді "Digital innovation and transformation" басшысының орынбасары Виталий Пустовойтенко.

Сондай-ақ ол шетелдік трафик туралы айтты. Қосымшаны жүктегеннен кейін олар да минималды рейтинг қойған.

"Сонымен қатар, біз шетелдік трафикті байқадық. Шетелдік пайдаланушылар жүктеп алып, теріс баға қойды. Осыдан кейін біз трафикті бұғаттап тастадық. Пікірлерге қарап, арнайы жасалғанын байқауға болады", - дейді спикер.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ashyq мобильді қосымшасын еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік нысандарына енгізу туралы қаулыға қол қойған еді.

Соған сәйкес, COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында фитнес-клубтар, сауналар, байссейндер секілді кәсіпкерлік субъектілерде "Ashyq" пилоттық жобасын іске асыру басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901797-ashyq-ty-qurastyrusylar-qazaqstandyqtardyn-qosymsany-buzbaq-bolganyn-aitty/