Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шенеунік ер адамды прокурорларға пара беруге итермелеген

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде өткен онлайн брифингте Қарағанды облысындағы шенеунікке сот үкімі шыққаны туралы хабарланды. Ол өзге азаматты прокурорларға 3,9 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің хабарлауынша, аталған қылмыстық схема азаматтың мәлімдемесінің арқасында ашылған. Арыз жазған ер адамның айтуынша, жергілікті шенеунік оны бюджет ақшасын жымқыру туралы істі жабу үшін бірнеше миллион төлеуге итермелеген.

"Шахтинск қаласының құрылыс бөлімінің бастығы Әлиев пен мердігерлік ұйымдардың директорлары Хан мен Цой ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны (қылмыстық кодекстің 28-бабы, 4-бөлімі – 367, 3-бөлігі) үшін сотталды. Олар азаматты көпқабатты үй салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін прокурорларға 3,9 млн теңге пара беруге итермелеген.

Сот үкіміне сәйкес, үшеуі де кінәлі деп танылды (қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 28-бөлігі, 4-367 бөлігі, 3-бөлігі) және 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, 2021 жылдың қаңтарында азаматқа 390 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. Бұл пара сомасының 10% құрайды.

Еске салсақ, "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының Павлодардағы филиал басшысы қарамағындағылардан сыйақы алды деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901801-qaragandy-oblysynda-seneunik-er-adamdy-prokurorlarga-para-beruge-itermelegen/

pixel