RU

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», делінген хабарламада. Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі: Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Айта кетейік, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні алып тасталады деген қауесетке қатысты пікір білдірді.

"Заң бойынша дене шынықтыру пәні мектептерде үш сағаттан, ал жоғары оқу орындары мен колледждерде төрт сағаттан оқыту қарастырылған. Сондықтан бүгінде дене шынықтыру пәнін алып тастау мәселесі көтеріліп жатқан жоқ", - деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901810-birinsi-synyp-oqusylarynyn-quzattaryn-qabyldau-1-sauirde-bastalady/