RU

Биыл елімізде қанша адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Биыл 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Бірінші кезеңде ресейлік "Спутник V" екпесі сатып алынды. Қысқа мерзімде Қарағанды фармацевтика кешені базасында "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылды. Отандық тауар өндірішінің жеткізілімдері кестеге сәйкес жүргізілді", – деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол биыл сәуір айына "QazCovid-in" отандық өндіріс вакциянасын пайдалану жоспарланғанын атап өтті.

"Осы арқылы 2021 жылы 6 млн адамға екпе салдыруды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологилар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылып келеді", – деді Марат Шоранов.

Еске салсақ, 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда педагогтар, балабақша тәрбиешілері мен полиция қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина салынатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жалпы 15 мың адамға екпе салу жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналау науқанына қатысты түсінік берген еді.

Оның айтуынша, 23 ақпаннан Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза мөлшеріндегі вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901816-biyl-elimizde-qansa-adamga-koronavirusqa-qarsy-vakcina-salynady/