RU

Ақтауда жоғалған қыздың мәйіті жағалаудан табылды

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Бірнеше күн бұрын Ақтау қаласында 2002 жылы туған қыздың іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпараттық парақшаларда бойжеткен 23 ақпан күні кешкі уақытта 11-шағын аудандағы үйден шығып, таксимен теңіз жағалауына қарай бет алғаны айтылады. Содан кейін ол байланысқа шықпаған.

"Теңіз жағалауынан оның жеке заттары: курткасы мен жейдесі және ұялы телефоны табылды", – делінген хабарламада.

25 ақпан күні қыздың анасы полицияға хабарласып көмек сұрады. Сол күні полицейлер 4 "А" ықшамаудандағы жартасқа жақын маңнан қыздың мәйітін тапты және оның денесінде зорлық белгілері анықталмады.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі төрт оқушы қызды қағып кетті. Оқиға 2 наурыз күні сағат 18.40-та Қорам ауылында болған.

"Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежедегі) "УАЗ" көлігін басқарған. Ер адам Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қиылысында оқушы қыздарды қағып кетті: ол жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар қызды қаққан", - деп хабарлайды полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901834-aqtauda-zogalgan-qyzdyn-maiiti-zagalaudan-tabyldy/