RU

ДСМ вакцинадан қанша педагог бас тартқанын мәлім етті

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан бас тартқан педагогтардың санын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, осы уақытқа дейін 22 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар мен құқық қорғаушылар бар.

"Статистикаға осы уақытқа дейін вакцина алған 458 педагог кіреді. Медицина қызметкерлерімен бірге санағанда "Спутник V" вакцинасының алғашқы компоненті 22 мың адамға егілді. Педагогтар арасында 4 адам екпеден бас тартты. Үшеуі Қостанай облысында, бір педагог Нұр-Сұлтан қаласында", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, өңірлерге вакцинаның екінші партиясы – 93 дозаны жеткізу шаралары атқарылып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе алдымен медицина қызметкерлеріне салынды. Ал 1 наурызда коронавирусқа қарсы екпе мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салына бастады. Екпе тегін және ерікті түрде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, вакцинадан бас тартқандардың саны 70 адамға жетті. Олардың ішінде медицина қызметкерлері мен педагогтар бар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901853-vakcinadan-qansa-pedagog-bas-tartty-densaulyq-ministrligi-aqparat-taratty/