RU

121-і Алматы қаласынан: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

коронавирус тест17
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 804 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

3 наурыздағы статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 84
  • Алматы қаласы - 121
  • Шымкент қаласы - 52
  • Ақмола облысы - 51
  • Ақтөбе облысы - 23
  • Алматы облысы - 64
  • Атырау облысы - 21
  • Шығыс Қазақстан облысы - 34
  • Жамбыл облысы - 15
  • Батыс Қазақстан облысы - 72
  • Қарағанды облысы - 54
  • Қостанай облысы - 61
  • Қызылорда облысы - 10
  • Маңғыстау облысы - 10
  • Павлодар облысы - 81
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 39
  • Түркістан облысында 12 адамнан COVID-19 анықталған.

Жалпы ел бойынша коронавиурс жұқтырғандар саны 215 610-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 874 адам індеттен жазылып шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 19 053 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 4 418 пациент стационарда, 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

237 адамның жағдайы ауыр, 45 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 51 науқас өкпені жасанды желдеу аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 2 наурыздағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз 46 адамда расталып, 5 адам көз жұмған. 216 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмония 49 418 адам ауырып, 635 науқас қайтыс болған. 42 957 пациент жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901873-121-i-almaty-qalasynan-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-osti/