Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы перзентханасында босанған әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында Алматыдағы перзентханада әйел адамның қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Босанған әйелдің өлімі, сондай-ақ ол қайтыс болғанға дейін медициналық мекемеде сыбайлас жемқорлықтың бары туралы мәлімдеген деген ақпарат шындыққа жанаса ма?", - деп сұрады журналист.

Сұраққа жауап ретінде Лаура Мырзағали 2 наурыз күні № 5 перзентханада келіншектің қайтыс болғанын айтты.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін біз қорытынды аламыз. Сыбайлас жемқорлық дәлелдеріне келетін болсақ, бізге ондай ақпарат келіп түскен жоқ, бірақ тергеу дәлелденсе, біз өз тарапымыздан шаралар қолданамыз", – деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Еске салсақ, Ақтауда аяқ астынан жағдайы нашарлап, қан құса бастаған ер адамды Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері құтқарып қалды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының PR-менеджері Жадыра Шалабаева айтты.

Сөзінше, оқиға 3 наурызда 15 шағын ауданда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының жалпы залында болған. Ер адам өз кезегін күтіп тұрған сәтте қан құса бастап, жерге құлаған. Куәгерлер тез арада жедел жәрдем шақыртқан. Сол мезетте ХҚКО қызметкерлерінің бірі ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осыдан кейін науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901956-almaty-perzentxanasynda-bosangan-aiel-qaitys-boldy/

pixel