RU

Ақтауда жылу құбыры жүргізілген құдықтан ер адамның мәйіті табылды

Фото
Көрнекі фото: Lada.kz

Ақтау қаласында ер адамның денесі 12А ықшамауданындағы жылу құбыры құдығының ішінен табылды деп хабарлайды жергілікті lada.kz.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адамның денесі 24 ақпан күні құдық ішінен табылған.

Аталған фактіге байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалғаны белгілі болды..

"Полиция қызметкерлері адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іnstagram әлеуметтік желісіндегі na_dorogah_aktau парақшасында жарияланған видеода жылу құбырлары түйіскен тұстағы құдық маңында бірнеше құқық қорғау органдарының қызметтік көліктері тұрғанын байқауға болады. 

"12А ықшамауданындағы жылу құбыры жүргізілген құдық маңына жиналған қызметтік көліктер. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 25 ақпан күні Ақтау қаласында бірнеше күн бұрын жоғалған 2002 жылы туған қыздың мәйіті теңіз жағалауынан табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901981-aqtauda-zylu-qubyry-zurgizilgen-qudyqtan-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/