Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өткір иіс шығады": Алматы облысындағы өзенді ақ көбік басты (видео)

Опубликовано:

Көбік
Видеодан кадр: instagram.com/minecologykz

Алматы облысындағы Үсек өзенін ақ көбік басты. Бұл туралы экология министрлігіне қорықшы қызметі хабарлаған деп жазады ведомствоның Instagram парақшасы.

Экология министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысы қорықшы қызметінен экологиялық реттеу және бақылау комитетіне хабар түскен. Қызметкерлер видео түсіріп, Панфилов ауданындағы тау өзенінің ақ көбік қабатымен жабылып қалғанын көрсеткен.

Кадрларға сүйенсек, көбік өзенге түскен лас сұйықтықтан көпіршіген. Видео авторлары өзеннен өткір химиялық иіс шығатынын айтқан.

"Шұғыл түрде Алматы облысы бойынша экология департаментінің мамандары әкімдік және экологиялық полиция қызметі өкілдерімен бірге Жаркент қаласына аттанды. Алдын ала мәліметтер бойынша Үсек арнасы сұйықтық "Жаркент крахмал зауыты" ЖШС-нан келген", - дейді министрлік.

Ведомство толығырақ мәлімет кейінірек берілетінін айтты.

Еске сала кетсек, Алматыдағы Қарғалы өзеніндегі сұмдық көрініс тұрғындар мен экологтарды аяғынан тік тұрғызған еді.

Өзеннің көбікке оранған сәтін өтіп бара жатқан куәгердің бірі ұялы телефонға түсіріп, дабыл қаққан.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Қарғалы өзенінің бойында ешқандай кәсіпорын жоқ. Маңайда тек жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тосын оқиғаның ешқандай табиғи құбылыс еместігін мойындаған тексерушілер енді әр үйді қадағалауға алды. Тіпті, өзен суының ластанғанын анықтау мақсатында сынама алынып, зертханаға жіберілген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901990-otkir-iis-sygady-almaty-oblysyndagy-ozendi-aq-kobik-basty-video/

pixel