RU

Парламент отырысында қырғыз депутаттары бір-бірін балағаттап жіберді

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары Дастан Бекешев пен Бақтыбек Райымқұлов парламент отырысында бірін-бірі балағаттады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Отырыс кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына жақындайды. Алдымен депутаттар жай сөйлесіп тұрған, кейін қатты айғайлап, бірін-бірі балағаттай бастады.

Содан соң Райымқұлов микрофонға шығып, спикерден оның заң жобасын тезірек қарауды сұрады.

Дау-жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұған дейін отырыста Бекешев "кейбір депутаттар жемқорларды қолдап митингке шығатынын, ал мына жерде халық алдында басқаша сөйлеп, билікке жағуға тырысатынын" мәлімдеген еді.

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті 2 наурызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен ұшып келді. Жапаровты әуежайдан еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді күтіп алды.

Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапаровты Ақорда резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген болатын.

Сонымен қатар, Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.

Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901996-parlament-otyrysynda-qyrgyz-deputattary-bir-birin-balagattap-ziberdi/