RU

Баланы еденге лақтырған: Өскеменде балабақша тәрбиешісінің үстінен іс қозғалды

Балабақша
Көрнекі фото: piqsels.com

Өскемен қаласындағы "Арман" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп жазады Қазақпарат.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана "Арман" балабақшасындағы "Еркетай" тобы тәрбиешісінің балаға қатал қарауы және тәрбиелеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттерін орындамауы туралы арызбен жүгінген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгі болды.

Тиісті сараптамалар тағайындалған, деді ведомство.

Сонымен қатар, балабақша директоры мен тәрбиешісінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы аясында қызметтерінен босатылғаны айтылды.

Одан бөлек, бүгін өңірдің білім басқармасының басшылығы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесу өткізеді.

"Сонымен қатар, қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің тәрбиеленушіге қатігездік танытқан видеосы тарап кеткен болатын. Пікірлерде оқиғаның Өскеменде болғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902000-balany-edenge-laqtyrgan-oskemende-balabaqsa-tarbiesisinin-ustinen-is-qozgaldy/