RU

Қаржы министрлігінің аппаратына басшы тағайындалды

Абзал Бейсенбекұлы
Абзал Бейсенбекұлы. Фото: primeminister.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалады. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, мемлекеттік саясат саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі, құқық бакалавры.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жетекші маман м.а. қызметінен бастаған.

2008-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2011-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2019 жылғы сәуір-қыркүйек айларында "Жасанды зерде саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры" КҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2019 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін жеке меншік секторда басшылық қызметтер атқарды.

Еске салсақ, отандық танымал журналист Асхат Садырбай "Turkistan Media Holding" компаниясының бас продюсері болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұл қызметімен қатар, Асхат Садырбай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902022-qarzy-ministrliginin-apparatyna-bassy-tagaiyndaldy/