Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 7 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ пен "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ деректеріне бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің жеті өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды.

Сонымен қатар "Қазгидромет" РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде - Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Осы орайда Талғат Уәли азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырды.

"Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн. Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902036-qazaqstannyn-7-onirinde-respublikalyq-manyzy-bar-avtozoldar-zabyldy/

pixel