Шымкентте қыз алып қашу оқиғасы болды ма: Полиция пікір білдірді
Опубликовано:

Шымкентте 3 наурыз күні орын алған “қыз алып қашу” операциясының кейіпкері өзіне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің болмағанын, тек жігітімен ренжісіп қалғанын айтып берді деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 2021 жылдың 3 наурызында сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қаладағы қонақ үйлердің бірінің алдында “Lexus” маркалы автокөлікке белгісіз біреулердің жас қызды мәжбүрлеп салып алып, кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына тез арада жетіп, мән-жайды анықтағаны белгілі болды.
"Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнежазбаның кейіпкері болып табылатын 1999 жылы туған азаматша өзінің жігітімен ренжісіп қалғанын және оның көлігіне өз еркімен отырғанын, сондай-ақ ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін, куәгерлердің болған жағдайды дұрыс түсінбей, полицияға хабарлағанын жеткізді", - деп хабарлайды полиция.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902039-symkentte-qyz-alyp-qasu-oqigasy-boldy-ma-policiya-pikir-bildirdi/