Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі қыздың хәлі өте ауыр": Дәрігер Алматы облысында көлік қаққан оқушылардың жағдайын айтты

Опубликовано:

Бала ауруханада25
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігер Алматы облысы, Қорам батыр ауылында көлік қаққан төрт оқушының жағдайын айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

Маманның сөзінше, олардың екеуінің хәлі тым ауыр қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бірі үйіне жіберілген, біреуі облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда.

"Екі қыздың қазіргі жағдайы өте ауыр. Олар арнайы қондырғыға қосылған. Біреуінің бауыры жыртылған. Оған ота жасалды. Екеуінің де бас жарақаты бар. Сан сүйектері де сынған. Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте", - дейді Шелек ауылы ауруханасы директорының орынбасары Рустам Кәмілжанұлы.

Ал оқиғаны өз көзімен көрген ауыл тұрғындары сол күнді әлі күнге қорқынышпен еске алады.

"Кімнің балалары екен десек, біздің көршіміздің қызы екен немересі. Одан кейін біреуі ары шетіндегі мұғалімнің немересі", - дейді ауыл тұрғыны Тамара.

Тағы бір ауыл тұрғыны мас күйінде көлікке отыратын жүргізушілер тиісті жазасын алсын дейді.

"Ол ата-аналар үшін де бәріміз қиналып тұрмыз. Үш кішкентай бала олар сәби", - дейді Зора есімді ауыл тұрғыны.

Ә. Лесбек

Еске сала кетейік, оқиға 2 наурыз күні шамамен 18.40-та Қорам батыр ауылында болған еді.

Көлікке мас күйінде (орташа дәрежедегі) отырған ауыл тұрғыны жол шетінде тұрған төрт оқушыны қағып кеткен болатын. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Кейін көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл жайт мемлекет басшысын да бей-жай қалдырмады. Президент көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902052-eki-qyzdyn-xali-ote-auyr-dariger-almaty-oblysynda-kolik-qaqqan-oqusylardyn-zagdaiyn-aitty/

pixel