Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өте сирек кездесетін дертке шалдыққан ақтаулық келіншек халықтың көмегіне зәру

Опубликовано:

Гүлбибі
Гүлбибі Ахметова. Кадр: КТК арнасынан

Өте сирек кездесетін дертке шалдыққан ақтаулық Гүлбибі Ахметоваға көмек керек. 29 жастағы науқастың бауырындағы тамырлары ісіп, ағзасы түгел зақымданған. Дәрігерлер дереу трансплантация жасамаса, бір жарым айдан кейін бәрі кеш болуы мүмкін екенін айтқан. Сондықтан дертіне дауа іздеген науқас жомарт жандардың көмегіне мұқтаж деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Гүлбибі өзінің ауыр дертке шалдыққанын екі жыл бұрын білген. Алғашында оң жақ қабырғасының асты ауырып, шанши бастаған.

Алайда күнделікті күйбің тірлікпен оған мән бермей жүре берген. Кейін ауруы асқынып, Алматыға барып тексерілген.

Науқасты қараған дәрігерлер бауырының тамырларына ісік түскенін анықтапты. Қазір Гүлбибі 500 мың теңге тұратын қымбат дәрінің күшімен ғана жүріп-тұруда.

"Қазір менің бауырым тек дәрінің күшімен істеп тұр. Бауыр істемей тұруы мүмкін емес, ол ары қарай бүкіл органды алып кетеді. Министрліктен квота сұрап едім, бас тартты. Жоқ деген жауап алып отырмын", - дейді Гүлбибі Ахметова.

Бауырға трансплантация тек әлемнің бес елінде жасалады. Ең арзаны әрі жақыны Беларусь елінде екен.

Ондағы дәрігерлер күрделі отаны жасауға келіскен. Бірақ 1,5 айдың ішінде ағзаны ауыстырмаса, кеш қалуымыз мүмкін депті. Алайда 125 мың доллар тұратын отаны жасатуға қарапайым отбасының қаржысы жоқ.

"Жалпы сомасы теңгемен есептегенде 52 миллион. Өте үлкен сома. Оны өзім жинай алмаймын. Сондықтан амалым жоқ болғандықтанмен халықтан көмек сұрап отырмын", - дейді Гүлбибі.

Гүлбибінің жолдасы жұмыстан шығып қалған. Өзі денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз. Үш баласымен жалдамалы пәтерде тұрады.

Арманы – аман-есен ота жасатып, үш баласының өсіп-өнгенін көру. Сондықтан ол қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Гүлбибі Ахметоваға көмек қолын созам деген жандар үшін байланыс нөмірі: 8 702 109 99 38.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902054-bir-zarym-ailyq-omiri-qaldy-ote-sirek-kezdesetin-dertke-saldyqqan-aqtaulyq-kelinsek-xalyqtyn-komegine-zaru/

pixel