Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаза болғандар бар: Түркияның шығысында тікұшақ апатқа ұшырады

Опубликовано:

тікұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияның шығысында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

"Бейсенбі Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында тікұшақ апатқа ұшырады. Төрт әскери жарақат алып, тоғызы қаза тапты. Бұл туралы Түркияның Қорғаныс министрлігі хабарлады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында Боралдай-Кеген бағытында санитарлық рейске шыққан Ан-2 ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған еді.

Бұл жайт 26 ақпанда Боралдай автожолынан шығысқа қарай 1,5 шақырымда орын алған.

Ұшақ бортында 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (дәрігер) болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Кейін оқиға орнынан суреттер де жарияланды. Ұшақтың жыраға қонғаны белгілі болды.

Ал Ан-2 ұшағының командирі Тахир Өтегенов мән-жайды толығырақ баяндады.

Айтуынша, ұшақтың құлап бара жатқанын сезіп, шұғыл қону қажет деген шешім қабылдаған екен.

"Шұғыл тапсырманы орындауға ұшқан кезде 50 метр биіктікке көтерілгенде мен құлап бара жатқанымызды сездім, қозғалтқыштың қуаты әлсірей бастады. Мен әуежайға оралу үшін ұшақты кері бұрдым. Ұшақтың ішінде жолаушылар болғандықтан және елдімекеннің үстінен ұшып бара жатқанымызды ескеріп, қонуға мейлінше қолайлы жер таңдадым. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман", - дейді Тахир Өтегенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902056-qaza-bolgandar-bar-turkiyanyn-sygysynda-tikusaq-apatqa-usyrady/

pixel