Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тендер ұтып, табысқа кенелмек болған Ақтөбе тұрғыны 14 млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтөбе тұрғыны "тендерді ұтуға көмектесемін" деген уәдеге сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

42 жастағы кәсіпкер әйел Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 14 миллион теңгесінен айырылып қалғанын айтып, арыз түсірген.

Ол бейтаныс әйелдің сөзіне сеніп, 14 миллион теңгесін бере салған екен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын жүргізіп, нәтижесінде Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады.

Күдікті өзгенің 14 миллионын алып алғанын мойындап отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"Бүгінгі таңда күдіктінің құрығына түскен үш жәбірленуші анықталды", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Астананың бір қала екенін білмеген алаяқ өзін-өзі ұстап бергенін жазған едік.

Телефондағы әңгімеге қарағанда, азамат өзін оңтүстік астанадағы банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған. Артынша ол әйелдің банк картасының мәліметтерін сұрамақ болып, қателік жібереді. Елорда тұрғыны астананың бұрынғы және қазіргі атауын шатыстырған азаматтың алаяқ екенін бірден аңғарған.

Желі қолданушылары арам пиғылын жүзеге асыра алмаған алаяқты мазаққа айналдырды, ал кейбірі оның Қазақстаннан хабарласпағанын, сондықтан елорда атауы өзгергенін білмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902065-tender-utyp-tabysqa-kenelmek-bolgan-aqtobe-turgyny-14-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel