RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 857 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 216 467-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 132,

Алматы қаласы - 134,

Шымкент қаласы - 27,

Ақмола облысы - 57,

Ақтөбе облысы - 28,

Алматы облысы - 47,

Атырау облысы - 40,

Шығыс Қазақстан облысы - 39,

Жамбыл облысы - 17,

Батыс Қазақстан облысы - 72,

Қарағанды облысы - 61,

Қостанай облысы - 59,

Қызылорда облысы - 13,

Маңғыстау облысы - 11,

Павлодар облысы - 78,

Солтүстік Қазақстан облысы - 37,

Түркістан облысы - 5.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды.

Көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медицина қызметінің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда.

Мәселен Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін 36 емхана мен ведомстволық медициналық ұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902074-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-kurt-osti/