RU

"Сәбидің сүйегі табылмады": Қостанайда жантүршігерлік іс тергелуде

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанай облысының полиция қызметкерлері баланы өлтіру ісін тергеп жатыр. Күдікке қыздың анасы ілікті деп хабарлайды alau.kz порталына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Тергеушілерге он жылдан астам уақыт бұрын бір жарым жасар қыздың өлтірілгені туралы ақпарат келіп түскен.

Полицейлер қызға қатысты барлық ақпаратты тексере келе, тергеуді бастайды. Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген. Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл да көрсетілген екен. Алайда әйел де, оның қызы да аталмыш ауылда ұзақ жылдар бойы тұрмағаны анықталған.

Десе де тәртіп сақшылары баланың анасын таба алды, ол болған жағдайды айтып беріп, өз кінәсін мойындаған.

"Жанжал кезінде ол үйден кетіп қалған. Оны үйден қуып шыққан... Осы себепті жағдайы қиындаған ол баланы елсіз далада өлтіріп, тастап кеткен", - деді Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Әйел тәртіп сақшыларына баланы тұншықтырып өлтіргенін, қыздың денесін ауыл шетіне қалдырып, облыстың басқа ауданына кетіп қалғанын айтқан.

Сәбидің сүйегі табылмады. Әйел көрсеткен жер адам танымастай өзгеріп кеткен. Ол жер бұрын елсіз дала болған, ал бүгінде орнына жол салынған екен.

"Теориялық тұрғыдан, әрине, өзіне жалған кінә тағуы мүмкін. Яғни, дәлел болуға тиіс. Бала дүниеге келген, қазір жоқ, дәлел әзірге осы. Ол тірі болуы да мүмкін", - деп түсіндірді бөлім бастығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902075-15-zasar-qyzdy-aidalaga-aparyp-oltirgen-qostanaida-kudikke-qyzdyn-anasy-ilingen-zantursigerlik-is-tergelude/