Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын жұртына мал союға көмектескен күйеу бала түнде қайта келіп, есікті бұзып кірген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жамбыл облысында жайылып тұрған соғым еті ұрланды. Жылқы мен қой етін үптеп кеткен ұры алыстан келмеген деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Келеңсіз оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында орын алған.

Іздестіру шаралары кезінде күдікке сол үйдің 33 жастағы күйеу баласы іліккен. Ол малды союға сол күні қайын жұртына жәрдемдесіп жүріпті.

Ер адамның түн ортасында ет жайылған қораның есігін бұзып кіріп, түгін қалдырмай алып кеткені белгілі болды.

Тергеу барысында күдікті ұрлық жасаған сәтте мас болғанын, соғымды асып жеу мақсатында алғанын мойындады дейді полиция өкілдері. Енді ет асып жегісі келген күдікті қайын жұртының кешірімін алмаса, темір торға тоғытылғалмақ.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көрсетілген бапқа сәйкес, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Автор: Б. Жұмабай

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Сонымен қатар Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалғанын жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай күдікті әйел бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екен. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, "тығып кеткен" кілтті тауып алып, үйге заңсыз кірмек болыпты.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902087-qaiyn-zurtyna-mal-soyuga-komektesken-kuieu-bala-tunde-qaita-kelip-esikti-buzyp-kirgen/

pixel