RU

Павлодар тұрғыны сауда үйінде шу шығарып, жұртты әбігерге салды

Жұдырық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар тұрғыны сауда үйінде шу шығарып, сатып алушылар мен сауда үйінің әкімшілігін әбігерге салды деп хабарлайды zakon.kz.

Камзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде ер адамның әрекеті көпшіліктің зәресін ұшырған. Белгілі болғандай, ұялы телефонына бірлікті qiwi әмияны арқылы салғысы келген азамат қателікке бой алдырғаны үшін қатты ашуланған екен.

"Ол өз телефон нөмірін дұрыс термегендіктен, қаражат өзгенің нөміріне түскен. Терминал ақшаны қайтарып бермегеніне ызаланған ер адам терминалды ұра бастайды. Оның әрекеті салдарынан жедел шақырту батырмасы басылып кетеді. Оқиға орнына дереу күзет агенттігінің қызметкерлері келіп жетеді. Қызметкерлерді көрген сауда үйіндегі сатып алушылардың зәрелері ұшып, сауда үйінде шу басталып кеткен", - дейді облыстың полиция департаментінде.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Терминалға да ешқандай зақым келмеген.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде жағажайда құжынап жүрген қалың жұрттың видеосы тарағанын жазған едік. Белгілі болғандай, Ақтау тұрғындары блогер жасырған сағатты іздеп, жағажайға ағылған.

Видеодан олардың қарасы көп екенін байқауға болады. Көпшілік сағатты іздеп, жағажайда әрі-бері жүгіріп, сабылып жүр. Ал блогердің өзі артынша мұнша көп адам жиналғанына таңданыс білдіріп, парақшасында бұл жайттың видеосын жария еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902115-pavlodar-turgyny-sauda-uiinde-su-sygaryp-zurtty-abigerge-saldy/