Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дәрігерлер көзіне сым темір кірген адамның көру қабілетін сақтап қалды

Жарияланған күні:

көз
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда дәрігерлер жұмысында жарақат алып, көзіне сым темір кіріп кеткен ер адамның көру қабілетін қалпына келтірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық клиникалық орталық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жұмысында жарақат алған. Сым темір көз алмасына кіріп кеткен.

Офтальмохирург, медицина ғылымдарының магистрі Медет Алтынбек шұғыл түрде ота жасады. 1 сағатқа созылған отадан соң 3 см спираль алынған.

Ота нәтижесінде көзінің алдыңғы камерасы мен нұрлы қабығы қалпына келтірілген. Кесілген жара орны тігіліп, көздің көру қабілеті қалпына келді.

"Осындай жағдайда дер кезінде көмек көрсетілмесе, көзге кең көлемде қан жайылуы мүмкін. Адам көру қабілетінен айырылады. Ота сәтті өтті. Пациент бөлімшеге ауыстырылды",- деді дәрігер.

Айта кетейік, қалалық Орталық клиникалық аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінде жыл басынан бері 130 жоғары технологиялық ота жасалған.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында алты адамның өмірін жалмаған жол апатынан тірі қалған науқасқа 10 сағат ота жасалған еді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдық аурухана дәрігерлері апаттан зардап шеккен адамды тексеру кезінде іштің жабық жарақатын байқаған. Науқасқа медициналық жәрдем көрсетіліп, ем-дом жасалған.

Сонымен бірге, академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймаханов бүйрек трансплантациясының қалай жасалатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902134-almatyda-darigerler-kozine-sym-temir-kirip-ketken-er-adamnyn-koru-qabiletin-saqtap-qaldy/