Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 млн теңгемді иемденді": Семей тұрғынын өз танысы тақырға отырғызған

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семей тұрғынын несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, 3 млн теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткен алаяқ ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласы полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің "102" жедел арнасына 25 жастағы тұрғыны хабарласып, өз танысы 2020 жылдың наурыз айында атына несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, 2 800 000 теңге қаражатын иемденіп алғанын айтқан.

"Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 27 жастағы қала тұрғыны жеткізілді. Күдікті өз кінәсін мойындады",- деді өңірлік полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Ақтөбе тұрғыны "тендерді ұтуға көмектесемін" деген уәдеге сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылып қалған еді.

42 жастағы кәсіпкер әйел Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 14 миллион теңгесінен айырылып қалғанын айтып, арыз түсірген.

Ол бейтаныс әйелдің сөзіне сеніп, 14 миллион теңгесін бере салған екен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын жүргізіп, нәтижесінде Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады.

Күдікті өзгенің 14 миллионын алып алғанын мойындап отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902138-3-mln-tengemdi-iemdendi-semei-turgynyn-oz-tanysy-taqyrga-otyrgyzgan/

pixel