RU

"Келін пати": Алматыда көпбалалы аналар арасында ерекше сайыс өтті

Келіндер
Кадр: "Алматы" арнасы

Алматының Әуезов ауданында көпбалалы аналар арасында ""Келіндер патиі" сайысы өтті деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шара қазақ қоғамындағы келіндер рөлінің маңыздылығын көрсетуді мақсатында өткізіліпті.

Сайысқа көпбалалы аналар қатысқан. "Келін патиде" бақ сынаған 5 қатысушы таныстыру, қолөнер, тағам дайындау сынды кезеңдерге жоғары дайындықпен келгенін аңдатты.

"Бұл шараның ерекшелігі - осы аудандағы белсенді әйел азаматтардың ұйымдастырған шарасы. Тақырыпты таңдағаны орынды. Қазіргі таңда өзіміздің салт-дәстүрімізді жандандыру, ұмытылған дәстүрлерді көпшілікке көрсету. Қазіргі таңда, әсіресе, өскелең ұрпаққа керек", – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

"Бұл жердегі басты мақсатымыз – келіннің келешек ана екенін, болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырғанын түсіндіру. Келіннің қоғамда да, үйде де орнының ерекше екенін айқындау", – деді Әуезов аудандық "Бақытты отбасы" орталығының әлеуметтік қызметкері Назым Смағұлова.

Еске салсақ, бұған дейін келіндер табаққа не үшін сәлем салатыны туралы жазған болатынбыз. Қазақ дәстүрінде келін ақ босаға аттап, беташар жасалғаннан кейін әулеттің үлкендеріне иіліп сәлем береді. Сәлем салу ең алдымен қарапайым амандасу түрі болғанымен, кей өңірдерде келіндер дастарханнан табақты алар сәтте де сәлем салады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902141-kelin-pati-almatyda-kopbalaly-analar-arasynda-erekse-saiys-otti/