Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жалған ПТР-анықтама сатқан медқызметкерле істі болды

Опубликовано:

Медқызметкер
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте Қызылорда облысының медқызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы хабарланды. Болжам бойынша, олар коронавирусты анықтайтын ПТР-анықтаманың теріс нәтижесін 7 мың теңгеден сатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі екі медициналық мекеменің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің тергеуін бастады. Олар 2020-2021 жылдары коронавирусты анықтайтын ПТР-тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы тестіден өткізбей-ақ, жүйелі негізде сатқан.

Анықтамалар вахталық әдіспен жұмыс істейтін, шетелге шығатын, Байқоңыр қаласына кіретін және т.б. жұмысшыларға арналған", - дейді Данияр Бекайдаров.

Медқызметкерлерге бір анықтама үшін 7 мың теңгеден төлеген.

"Медицина қызметкерлері бұл ақшаны ұлттық сараптама орталығы аймақтық филиалының лауазымды тұлғаларына пара аудару керек деген желеумен алған. Осылайша, пара беруге итермелеген", - дейді Бекайдаров.

2021 жылдың басынан бастап олар жергілікті тұрғындарға 60-қа жуық жалған анықтама берген.

"Жалған анықтамалар жасалған компьютерлік техника мен мөр тәркіленді. Медқызметкерлер кінәларын толық мойындады", - дейді жемқорлыққа қарсы қызмет.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында шенеунік ер адамды прокурорларға 3,9 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегенін хабарлаған едік.

Сонымен бірге, "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының Павлодардағы филиал басшысы қарамағындағылардан сыйақы алды деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902163-qyzylorda-oblysynda-zalgan-ptr-anyqtama-satqan-medqyzmetkerlerge-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel