Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көктем кеш келеді": Қазақстанда алдағы уақытта ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Қыс көрінісі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, биыл көктем "кеш келеді".

Себебі таяу күндері Қазақстан аумағында Солтүстік Атлантика циклонының әсері сезіледі.

Салдарынан суық және жылы ауа массалары бір-біріне тез ауысып, температура мен атмосфералық қысымның күрт ауытқуына және тұрақсыз ауа райының сақталуына әсер етеді.

Сонымен қатар осы кезеңде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жиі түсіп, тұман, көктайғақ, боран болып, қатты жел тұруы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін Алматының көктемгі жылы ауа райы лезде қарға айналды. Таңғы 3.50-де басталған қар сағат 10:00-ге дейін жауды.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 09.00-ге дейін таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда 15-35 см, ал шаһарда 3-10 см қар жауған.

Gismeteo-ның хабарлауынша, бүгін Алматыда ауа температурасы 0 мен 3 градус аралығында болады.

Ал 6 наурызда оңтүстік астанада сынап бағанасы 7 градусқа дейін көтеріледі. Жексенбі күні +9 градусқа дейін жылынады деп болжануда.

Сонымен қатар бүгін еліміздің басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, әрі жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер елімізде наурыз айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902168-koktem-kes-keledi-qazaqstanda-aldagy-uaqytta-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel