RU

Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды

Есірткі заттары
Фото: Polisia.kz

Оңтүстік астанада есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды. Күдікті гашишты тікелей үйінен сатқан деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Бес грамды құрайтын гашиш дозасы 3000 теңгеге сатылған. Есірткі сатушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 189,46 грамм гашиш табылды.

"Ол келесі дозаны сату барысында ұсталды. Ол қағазға ерекше иісі бар жасыл ұнтақ затты орап жатты. Бұл есірткінің қарапайым орамасы. Енді біз оның тауарды қайдан және қалай алғанын анықтап жатырмыз.
Ұсталған 43 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша жүргізілуде. Ол Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды" , – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда көлік тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталғанын хабарлаған болатынбыз. Оңтүстік астананың полицейлері үш күдіктіні қолға түсірді.

Олардың қылмыстық әрекеттерін түнгі немесе кешкі уақытта жасағаны анықталды. Іс материалдары бойынша бір жәбірленушінің көлігінен шамамен бір миллион теңге қолды болған. Оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902238-almatyda-gasis-satqan-azamat-ustaldy/