Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күшті сылтау болды": Ләйлә Сұлтанқызы COVID-19 жайлы жалған ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде коронавирус инфекциясының гүлдер арқылы жұғатыны жайлы тарап кеткен жалған ақпаратқа қатысты өз ойын айтты. Оның сөзінше, бұл шындыққа жанаспайтын жаңалық гүл сыйлағысы келмейтін ер азаматтар үшін жақсы сылтау болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы ғаламтор кеңістігінде тарап, халықтың қызу талқысына қалған видеожазбаға қатысты пікір білдірді.

Ақпарат өкілі коронавирустың жұғу жолы жайлы жалған жаңалықтың кімге кері әсерін тигізгенін айтты. Оның сөзінше, шындыққа жанаспайтын ақпарат қыздар қауымының ғана емес, гүл сатушыларының да көңілін түсірген.

Сонымен қатар, Сұлтанқызы Instagram парақшасы арқылы ер азаматтар қауымына сегізінші наурыз қарсаңында үндеу жасады.

"Гүл арқылы коронавирус жұғады. Ватсапқа осындай хабарлама келді. Сенесіз бе? Бұл ақпарат негізі гүл әперуге жарамайтындар үшін күшті сылтау болды. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Жалған ақпарат таратып қыздардың ғана емес, гүл сататындардың да көңіл-күйін түсіріп алдыңдар ғой. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі әзілді шын қабылдамасын деп фейк ақпарат екенін мәлімдеді. Сондықтан 8 наурызда аруларымыз гүлсіз қалмасын, жігіттер" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, желіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың 10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайтыны туралы айтқан видеосын тарап кеткен болатын.

Алайда, бейнежазбада COVID-19 жұқтырудың жаңа әдісі туралы айтқан дауыстың Алексей Цойдікі еместігі анық естіледі. Анықталғандай, ролик министр теледидарда сөз сөйлеген кезде түсіріліп, дауысы монтажбен қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902241-kusti-syltau-boldy-laila-sultanqyzy-covid-19-zaily-zalgan-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel