RU

Қазақстанда өткен тәулікте неше адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 832 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 217 299-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 136,

Алматы қаласы - 135,

Шымкент қаласы - 13,

Ақмола облысы - 59,

Ақтөбе облысы - 35,

Алматы облысы - 51,

Атырау облысы - 44,

Шығыс Қазақстан облысы - 50,

Жамбыл облысы - 19,

Батыс Қазақстан облысы - 69,

Қарағанды облысы - 40,

Қостанай облысы - 57,

Қызылорда облысы - 5,

Маңғыстау облысы - 7,

Павлодар облысы - 75,

Солтүстік Қазақстан облысы - 28,

Түркістан облысы - 9.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды.

Көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медицина қызметінің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда.

Мәселен Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін 36 емхана мен ведомстволық медициналық ұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902259-qazaqstanda-otken-taulikte-nese-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/