RU

"Біраз нәрсе білдік": ДДСҰ пандемия қашан аяқталатынын болжады

Тәжвирус1
Көрнекі фото: piqsels.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады деп жазады Sputnik Қазақстан.

"2021 жылы да коронавирус жылы болады. Алайда бұл жолы алдағы жағдайға болжам жасап, басқару мүмкіндігі жоғары. 2020 жылы terra incognita, яғни ғылыми, саяси белгісіздік жағдайын бастан кешірдік. Бір жылдан соң вирус жайлы біраз нәрсе білдік. Диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар", - деді ол Welt басылымының хабарлауынша.

Клюге бәрін алдын ала жоспарлау маңызды екенін атап өтті. Сондықтан келер жылдың басында пандемия аяқталуы мүмкін деп отыр.

"Бұл вирус жойылады деген сөз емес. Бірақ ол кезде ешбір араласу қажет болмайды", - деді ол.

Оның айтуынша, бай өңірлер ғана вакцина салдырып, өзгелері бұл науқаннан тыс қалып қоймауы керек деген ойда.

Сондай-ақ мемлекеттердің шектеуді алуына қатысты да пікір білдірді. Олар тым жылдам алынса, бастапқыдағы жағдай қайталануы ықтимал деген алаңдаушылығын жеткізді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 11 наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп атады. Елдер қатаң карантин енгізді, шекаралар жабылды. Қазір жағдай біртіндеп жақсарып келеді. 

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1902270-biraz-narse-bildik-ddsu-pandemiya-qasan-ayaqtalatynyn-bolzady/