RU

Теңіз кен орнында бес бірдей жолаушылар автобусы өртке оранды (видео)

Өрт сөндіру сәті
Көрнекі фото: ТЖД

Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес бірдеу жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ деп жазды "Мой город" басылымы.

Өрт 5 наурызда, жұма күні кешкі уақытта болған. Басында ССЕР компаниясының тұрағында тұрған бір автобус жанды. 

"Жалын бірден тағы төрт автобусқа көшті. Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш өрт сөндіру техникасы мен 30 адам жұмылдырылды", - деді компания өкілі Орақ Бейсембиев.

Оның ақпаратына сәйкес, қызыл жалын жарты сағаттан соң сөндірілген.

Бес автобус толықтай өртеніп кетіпті. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар тіркелмеген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902271-teniz-ken-ornynda-bes-birdei-zolausylar-avtobusy-ortke-orandy-video/