Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бостандықта күтіп жүр": СҚО-да сотталған қызға жігіті үйленуге ұсыныс жасады

Опубликовано:

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйіктісі ұсыныс жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің есімі – Юлия. ЕС-164/6 мекемесіне былтыр түскен. Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан арудың тар қапаста өткізетін әлі екі жылы бар.

Жігіті Андреймен 2019 жылдан бастап кездесетін көрінеді. Екеуі университетте оқып жүргенде танысыпты. Кейін Юлия жаза басып сотталғанда, Андрей оны күтетінін айтқан.

Бостандықта жүргенде сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт мереке қарсаңында бойжеткенге тосынсый жасаған.

Ғашығына қоңырау шалып, сезімін білдірген ол Юлиядан өзіне күйеуге шығуын сұрапты. Қуанышын жасыра алмаған ару «ия» деп жауап берді.

«Мен жігітімді қатты жақсы көремін. Ол мені бостандықта күтіп жүр. Болашағымды тек Андреймен ғана көремін. Жақында екеуміз мекемеде некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көпбалалы ана болғым келеді», - дейді бақытқа бөленген Юлия.

Былтыр СҚО-да жазасын өтеушілер арасында 30 неке қиылған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902278-bostandyqta-kutip-zur-sqo-da-sottalgan-qyzga-zigiti-uilenuge-usynys-zasady/

pixel