RU

Өзбекстанда алты студенттің өлімінен кейін 150 мың студенттің жағдайы әшкере болды

live24.ru
Фото: live24.ru

Өзбекстанда соңғы жылдары студенттік жатақханалар 228-ге көбейген. Соған қарамастан 149 400 студент жатақханаға мұқтаж. Бұл туралы өлкенің жоғарғы және арнайы орта білім беру министрі Абдукадыр Ташкулов мәлімдеді деп жазады Centralasian.org.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін студенттер үшін тағы 16 жатақхана салынады. Нәтижесінде 6750 қосымша орын пайда болады.

Министр жатақханалар жетіспеуіне жоғары оқу орындарының ректорлары кінәлі екенін жеткізді.

"Себебі ректорларда құрылыс үшін жауап беретін бөлім жоқ. Ректорлар ең дұрысы ешнәрсе істемеген деп есептейді. Себебі, жауапқа тартылудан қорқады", - деді Абдукадыр Ташкулов.

Өзбекстанда студенттердің тұратын орны жайлы мәселе бірнеше күн бұрын Ташкентте бес студенттің денесі жалға алып тұратын пәтерден табылғаннан кейін көтерілді.

Бұл оқиғадан бір күн өткеннен соң тағы бір студент жұмыс істеп әрі тұратын көп қабатты үйдің лифт шахтасына түсіп кетіп қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902290-ozbekstanda-alty-studenttin-oliminen-keiin-150-myn-studenttin-zagdaiy-askere-boldy/