RU

Жаңа қаулы: Алматыда санитарлық патрульдер пайда болады

Сауда орталығы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис аумағында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, кез келген ойын-сауық және бұқаралық шараларды, оның ішінде үйде өткізуге сол күйі тыйым салынған.

Бұл жерде үйлену тойы, еске алу, көрмелер және адам көп жиналатын басқа да іс-шаралар туралы айтылады.

Сонымен қатар, қызметі әлі жанданбаған нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Олар: боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батут, түнгі клубтар, букмекер кеңселері, лото және ойын клубтары, жабық ғимараттағы ойын алаңдары мен аттракциондар, спорт нысандарында орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары.

"Сауда кәсіпорындары қауымдастығының ұсынысына сәйкес, ауданы 1000 ш. м. асатын сауда орындарына (COCO, CY, базарлар), қоғамдық тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға (автобус, троллейбус, метро) адамдардың әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауын тұрақты бақылау үшін санитарлық патрульдер құру ұсынылады", - делінген қаулыда.

Қаулы 9 наурызда күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902292-zana-qauly-almatyda-sanitarlyq-patrulder-paida-bolady/