Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, жел: Қазақстанда 7 наурызда ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 7 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, жел болады. Қазгидромет синоптиктер болжамын жариялады.

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902300-tuman-koktaigaq-zel-qazaqstanda-7-nauryzda-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel