RU

Қазақстандықтар бірнеше адам қаза болған видеоны таратып жатыр

Боливиялық студенттер
Видеодан кадр: РИА Новости

Қазнет пайдаланушылары бір-біріне бірнеше студенттің биіктіктен құлап қайтыс болғаны бейнеленген жантүршігерлік кадрларды жіберіп жатыр. Видеоның жазбасында оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласында болғаны айтылған.

Шын мәнісінде видео елордада түсірілмеген.

Кадрларда бір топ адамның көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатында тұрғаны көрінеді. Қоршау адамдардың салмағына шыдас бермей, опырылып кетеді. Осы мезетте шеткі қатарда тұрғандар биіктіктен құлап кеткен.

StopFake.kz жазуынша, бұл оқиға Боливияның, Эль-Альто университетінде болған. Қайғылы оқиға экономика, қаржы және әкімшілік ғылым факультетінде орын алған. Жастар студенттік жиналысқа қатысуға келген.

Сайттың мәліметінше, бұл оқиғаның Қазақстанға еш қатысы жоқ.

"Видео Нұр-Сұлтанда түсірілген деген ақпарат жалған. Бұл видеода не қазақша, не орысша сөйленбегенінен-ақ түсінікті", - деп атап өтті сайт.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар! Роликті психикасы тұрақсыз, жүкті және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902318-qazaqstandyqtar-birnese-adam-qaza-bolgan-videony-taratyp-zatyr/