Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Опубликовано:

Балықшылар
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды деп хабарлайды өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасы.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дауылды ескертуге қарамастан балық аулауға шығатындар жоқ емес.

"Ауа райының қолайсыздығы, нақты айтқанда қатты жел мен қалың қарда жолға шығуға болмады. Мұны ескермеген күршімдіктер балық аулауға аттанған. Алайда көліктері қарға батып қалған олар құтқарушылардан көмек сұрады. Жедел құтқару жасағы мен Күршім ауданындағы №30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетті", - дейді төтеншеліктер.

Көп ұзамай көлік қар құрсауынан шығарылды. Балықшылар эвакуациялаудан бас тартты.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында 150-ден астам көлік қар құрсауынан құтқарылды. Жылыту пункттеріне 140 адам жеткізілген, оның 15-і балалар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегеновтің айтуынша, қар құрсауынан түнде 5 жылыту пунктіне 140 адам әкелінген, оның 15-і балалар. 61 адам құтқарылды, оның 11-і балалар. 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Сондай-ақ қар құрсауынан 32 жеңіл және 3 жүк көлігі құтқарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902323-sygys-qazaqstanda-qar-qursauynda-qalgan-balyqsylar-qutqaryldy/

pixel