RU

Германияда коронавирусты анықтайтын жедел тестілер сатылымға шықты

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Германияда супермаркеттер желісі COVID-19-ды өз бетінше тестілеуге арналған жиынтықты сатуды бастады. Мұндай жиынтықтар тұрғындар арасында сұранысқа ие деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Немістің супермаркеттер желісінің бірі бес антигендік тест-жолақтан тұратын жиынтықты сатуды бастады. Бағасы – 25 еуро (12,5 мың теңге). Мамандар 96% сенімді деп бағалаған жедел тесттің нәтижесі 15 минутта көрінеді.

Неміс басылымының жазуынша, Дюссельдорфта таңғы 7.00-де супермаркет ашылар алдында шамамен 100 адам кезекке тұрған. Германияның басқа да азық-түлік дүкендері де жақын арада "жылдам" тесттерді сата бастайды.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 802 адамнан коронавирус анықталған еді. Осылайша, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 218 101-ге жетті.

Сонымен бірге, бұған дейін еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысының медқызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы хабарлаған болатын.

Болжам бойынша, олар коронавирусты анықтайтын ПТР-анықтаманың теріс нәтижесін 7 мың теңгеден сатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902327-germaniyada-koronavirusty-anyqtaityn-zedel-testiler-satylymga-syqty/