Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ең әдемі құтқарушы-қыздың кім екені белгілі болды (фото, видео)

Опубликовано:

Арайлым Қажтаева
Арайлым Қажтаева. Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Ең әдемі құтқарушы-қыз" байқауының нәтижесі жарияланды. Көкшетау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Арайлым Қажтаева жеңімпаз атанды.

Аталмыш конкурс әйелдер мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған. Ол ақпан айының ортасында басталып, науруыздың басында аяқталды.

"Мен бала күнімнен форма киіп, органдарда қызмет етуді армандадым. Менің өмірдегі мақсатым - азаматтық қорғау органдарында лайықты қызмет ету және өзімді үнемі жетілдіру", - дейді сайыс жеңімпазы.

Айта кету керек, ТЖД аккаунтындағы оқырмандардың бәрі бірдей байқау қорытындысымен келсіпеген. Кейбірі лүпілдің шынайы еместігін айтып, қатысушыларды шеттетуді талап еткен.

Арайлым Қажтаева
Арайлым Қажтаева. Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Осыған байланысты ТЖД баспасөз қызметі оқырмандарына үндеу жасады.

"Айта кету керек, байқау талаптарында қатысушыларды лүпілді рұқсат етілмеген жолмен жинағаны үшін сайыстан шығару керектігі немесе өткен жылы жеңіске жеткен қыз алдағы жылдары қатыса алмайтыны көрсетілмеген. Бұл нюанстар алдағы іс-шараларда ескерілетін болады", - дейді ТЖД өкілдері.

Арайлым - Республикалық спорт мектебінің түлегі. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылдан бастап "WT" таеквондодан Қазақстанның спорт шебері.

2020 жылы Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне жұмысқа кірген. ТЖМ Көкшетау техникалық институның оқу орталығында өрт сөндіруші-құтқарушылардың алғашқы дайындығынан өткен.

Осыдан бері ол ер адамдармен бірге өрт сөндіруші болып еңбек етіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902329-aqmola-oblysynda-en-ademi-qutqarusy-qyzdyn-kim-ekeni-belgili-boldy-foto-video/

pixel