Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин: Бойларыңыздағы сүйіспеншілік өмірді бақыт пен берекеге толтырады

Опубликовано:

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин елдегі әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар.

Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар.

Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз!

Бақуатты және бақытты болыңыздар!", – делінген құттықтауда.

Оған қоса, мемлекет басшысы еліміздің нәзік жандыларын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

"...Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен ізгілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді. 

Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөз бекер айтылмаған...", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902354-mamin-boilarynyzdagy-suiispensilik-omirdi-baqyt-pen-berekege-toltyrady/

pixel