RU

Қазақстанға шет елдерден ПТР анықтамасыз 984 жолаушы ұшып келген

Ұшақ
Фото: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Елімізге шет елдерден ПТР анықтамасыз 984 жолаушы ұшып келген деп хабарлайды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2021 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

4 334 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 350 адам, анықтамасыз 984 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 588 жолаушы, анықтамамен - 2 053, анықтамасыз - 535;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 153 жолаушы, анықтамамен - 704; анықтамасыз - 449;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 315 жолаушы анықтамамен келген;
  • Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 278 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 307 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Еске салсақ, Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 218 754-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902365-qazaqstanga-set-elderden-ptr-anyqtamasynsyz-984-zolausy-usyp-kelgen/