Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда полицей ер адамды атып өлтірді

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда полицей 37 жастағы ер адамды атып өлтірді деген күдікке ілінді деп хабарлайды zakon.kz.

"Қостанай облысының полиция департаменті қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі ("Кісі өлтіру") бойынша 37 жастағы екі ер адамның арасындағы жанжал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жанжалдасқанның бірі тіркелген мылтықпен екіншісіне оқ атқан. Ер адам алған жарақаттан қайтыс болды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде", –облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қостанай облысы ДП баспасөз қызметі "күдікті – полиция қызметкері" екенін растады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ПД ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тергеу бастады, деп толықтырды ведомствода.

Еске салсақ, бұған дейін полиция Екібастұзда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын анықтады.

2021 жылы 23 ақпанда, сағат 08.10-да Екібастұз қаласының Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында қаскөй мылтықтан оқ атып, жәбірленуші ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген 65 жастағы ер адамды ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902381-qostanaida-policei-er-adamdy-atyp-oltirdi/

pixel