Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелді КамАЗ қағып өлтірді

Опубликовано:

КамАЗ
Фото: Sputnik / Стрингер

Алматы полициясы адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 57 жастағы әйелді КамАЗ қағып, әйел қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 8 наурыз күндізгі сағат үштер шамасында Шаляпин мен Сайын көшелерінің қиылысы аймағында болған.

КамАЗ жүргізушісінің айтуынша, ол Шаляпин көшесімен шығыс бағытқа қарай жүрген. Сайын көшесінде жүгіріп өтіп, жолдан өтпекші болған әйелді байқамаған болуы мүмкін, әйел көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған.

Көлік соққыдан қозғалған сәтте жүргізуші бір нәрсе дұрыс емес екенін түсінді. Кабинадан шыға бере, ол көліктің артқы дөңгелектерінің астынан әйелдің денесін жатқанын байқайды.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері жәбірленушінің қайтыс болғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Тергеушілер мен сот сарапшылары сол жерде жұмыс істеді. Тергеу барысында олар қайғылы оқиғаның барлық жай-жапсарын анықтауы керек. Жүк көлігінің жүргізушісі алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарғанын анықтау үшін медициналық тексеруге жеткізілді.

Еске салсақ, Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі төрт оқушы қызды қағып кеткен еді. Оқиға 2 наурыз күні сағат 18.40-та Қорам ауылында болған.

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Дәрігерлер балалардың өмірін сақтап қалуға барын салуда. Жол апатының куәгерлері қорқынышты күнді еске алып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902394-almatyda-aieldi-kamaz-qagyp-oltirdi/

pixel